ЕИнЭБА Қаржы-Экономикалық колледжінде 2016 жылдың қараша айының 7 жұлдызы күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналған  «Өзіңнен кейін мәңгілік елді бастаған» тақырыбында желтоксан көтерілісіне қатысушылармен кездесу өткізілді. Кездесуге желтоқсан оқиғасының қатысушылары, оқытушылар, колледж оқушылары және осы оқу орынының басшылары қатысты.

Кездесу барысында 1-2 курс, 101,102,201 топ оқушылары өнер көрсетті. Оқушылар қазақ елінің басынан кешкен қилы тағдыры жайлы, халықтың ерлігі, қайсарлығы туралы айтып, Тәуелсіздік тірегі болған Желтоқсан көтерілісіне, оның аты әйгілі батырлары- Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ләззат Асановалардың өмір жолдарына ерекше тоқталды. 2курс студенті Злиха орындаған «Желтоксан желі» әні кеш қонақтарына да үлкен әсер туғызды. Кездесуде желтоқсан оқиғасына қатысқан    Кәріпжан Аманғазы Әлімғазыұлының оқушыларға айтқан  тарих қойнауында, халық  жадында өшпестей із қалдырған сол оқиға туралы тағлымы мол   әңгімесі  сол кездегі алаңда болған оқиғаны көзбен көргендей әсерге бөледі. Кеш соңында желтоқсан оқиғасы хроникасынан деректі фильм көрсетілді. Кездесу қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.