15 наурыз күні ЕИнЭБА қабырғасында үлкен мереке аталды. ЕИнЭБА –ның ұйымдастырушы және ректоры, э.ғ.д., профессор, ЖМ ҰҒА-ның академигі, Отанымызға және әлемге танымал ғалым-экономист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Платиналық Тарлан» сыйлығының лауреаты Нұрсейіт Айтқали Шоқалиұлының туғанына 80 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Қазақстандағы 4-ші өнеркәсіптік революция және рухани жаңғыру талабына сәйкес адами капиталды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері». Дөңгелек үстел отырысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, белгілі академиктер, профессорлар, жөғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Бағдарламаға сәйкес, соңынан, студенттер ыстық ықыластарын білдіріп,  концертік бағдарлама ұсынды.