|
29.11.2018 Алматы қаласы Білім басқармасының 03.10.2018 №05-1-4/921
хатына сәйкес қоршаған ортаға адамның антропогендік әсерін анықтау үшін
«Өзіңнің Footprint-іңді (экослед) анықта» акциясы аясында Еуразия
инновациялық экономика және басқару академиясы қаржы-экономикалық
колледжінде жоспарға сай «Қазақстандағы энергия түрлерінің балама
көздері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға
Әуезов ауданындағы мектептер және колледждер қатысты. Конферецияға
Қоршаған ортаны қорғау және экология департаментінің бас маманы Маханов
Айдар Аскарович, Әуезов ауданы әкімшілігінің эколог маманы Әбдібай Серік,
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ биология және экология пәнінің
оқытушысы Кенжебаева Шахизада, Технология-экономикалық колледжі
директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары Тлеубердинова Камшат
Еркиновна, №40 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі
Смагулова Багдагул Нурымхановна сияқты қонақтар қатысты. Конференцияда
еліміздің экологиясына байланысты қазіргі таңдағы өзекті мәселелер
қозғалып, талқыланды. Оқушылар «Жасыл экономика» туралы тың
ақпараттармен танысты. Конференция қатысушыларына алғашқы Президент
күніне байланысты Елбасының кітаптары сыйлық ретінде берілді
|